Коронавирустық пандемияның салдарынан ірі өндіріс орындарында медициналық және санитарлық сақтық шаралары күшейтіліп, кеңседегі қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкені мәлім. Жасыратыны жоқ, онлайн режімге ауысқандардың көбі байланыс құралының шығынын өз қалтасынан өтеуде. Алайда бұл еңбек қатынастарына қайшы. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің айтуынша, жоғарыдағы еңбек шығындарын жұмыс беруші өтеуге міндетті.

Жұмыс беруші ғаламтормен қамтуға міндетті
Мұндай талап еліміздегі Еңбек кодексінде көрсетілген. Сол себепті жұмыс берушілер карантин уақытында қызметкерлерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге тиіс.
«Еңбек кодексіне өзгеріс енгізілгені баршаға белгілі. Соған сүйенсек, 138-ші бап дәл солай «қашықтан жұмыс» деп аталады. Оның 2-ші тармағында жұмыс беруші қашықтан жұмыс істеп жатқан қызметкерді қажетті байланыс құралымен қамтуға міндетті деп жазылған. Егер аталған жұмысшы жеке байланыс құралдарын пайдаланса, онда жұмыс беруші қосалқы бөлшектермен қамтып, сондай-ақ интернет пен электр қуатының ақысын төлеуге тиіс. Мұның бәрі тараптардың келісімімен жүзеге асырылады», деді М.Тінікеев.
Пандемияны желеу етіп, адамдарды жұмыстан заңсыз шығарған кәсіпорындар да жоқ емес. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Жаңабеков Маңғыстау өңірін мысалға келтіріп, қауымдастықтың араласуымен 25 адам жұмыстарына оралғанын жеткізді.
«Еңбек кодексі аясында және әлеуметтік әріптестікті нығайту арқылы Маңғыстау аймағында «КезБи» ЖШС-ның 25 қызметкері жұмыс орындарына қайта алынып, қызметін жалғастырып жатыр. Яғни тараптардың мәмілеге келуі нәтижесінде мәселе сотқа жетпей шешімін тапты», деді Қ.Жаңабеков.
Оның айтуынша, өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қадағалау – кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі. Қазір осы мәселе бойынша қоғамдық бақылау күшейіп келеді. Ірі кәсіпорындарда өндіріс тоқтап қалса, ұжымдық шарт негізінде қызметкерлердің жалақысының 70%-ы сақталады. Қызмет көрсету орындарында ең төменгі жалақы, яғни 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы беріліп жатыр. Сонымен қоса «Өзенмұнайгаз», «ӨзенМұнайСервис» және «Қаражамбасмұнай» сынды компаниялардың кәсіподақтары өкпені жасанды желдету аппараттары мен басқа да қажетті құрал-жабдықтарымен қамтып, өңірлерге қолдау көрсетуде.
Тау-кен металлургияда карантин күшейді
Карантинге байланысты қауіпсіздік шаралары тау-кен металлургия саласында да күшейгенін айтты кәсіподақ өкілдері. Мәселен, 116 мыңнан астам қызметкерді қамтитын салалық «Қазақ кәсіподақ металл» кәсіподағының базасында жедел штаб құрылған. Оған өндіріс ошақтарында жүргізілген мониторингтің қорытындылары түсіп отырады.
«Барлық кәсіпорында жеке және өндірістік тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде өткізіліп, жадынама әзірленді, ондағы талаптардың сақталуы бақыланады. Медициналық пункттер күшейтілген жұмыс режіміне ауыстырылып, дене қызуы өлшенеді. Ауру белгілері табылған жағдайда жұмысшылар өндіріске жіберілмейді», деді «Тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» және «Қазақ кәсіподақ металл» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Мусин.
Осы саладағы айқын мысал ретінде Шығыс Қазақстандағы «Қазмырыш» компаниясын қарастыруға болады, дейді Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары. М.Тінікеевтің сөзіне сүйенсек, отандық тау-кен металлургияның алыбы санитарлық өңдеуді күшейтіп, өндіріс құрамын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлген. Сол секілді қызметтік сапарлар, күндізгі кеңестер мен басқа да бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, кеңседегі қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу режіміне көшірілді.
«Қызметкерлерді автобуспен тасымалдау ұйымдастырылды, тамақ жекелей беріледі. Жұмысшыларға және олардың отбасыларына 100 мың медициналық бетперде, тәулік бойы жұмыс істейтіндерге 120 антибактериал шам, сондай-ақ кәсіпорын аумағында 560 санитайзер орнатылды. Егер кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі мықты болып, жұмысшыларға лайықты көңіл бөлінсе, онда ауырғандардың саны аз болатыны күмәнсіз», деді М.Тінікеев.
Қосымша ақы төленуі керек
Коронавирустық инфекцияны алдын алуға жұмылдырылған дәрігерлерге, медбикелерге, жедел жәрдем жүгізушілеріне, сондай-ақ медициналық мекемелердің күзетшілеріне дейін қосымша ақы төлеу қажет. Осындай пікір білдірген QAZMED медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиақбар Мәтішев қазіргі таңда онсыз да тапшы мамандарды қолдауға шақырды.
«COVID-19 тіркелген жағдайда тиісті кепілдіктерді иелену үшін оны кәсіби ауру ретінде анықтау керек деп санаймыз. Пандемия кезінде әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерімен қамту мақсатында «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы бойыша медицина қызметкерлеріне «құтқарушы» мәртебесін беру туралы ұсыныс түсті», деді Ә.Мәтішев.
Бұдан басқа салалық кәсіподақ өкілі індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрген мамандарды қолдаудың амалы ретінде несие пайыздарын есептен шығару, оны өтеудің мерзімін кейінгі шегеру туралы мәселе көтерді.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар