Адамзат баласы ғасырларда бір келетін індетпен бетпе-бет келіп жатса да, ініне тығылған қылмыс пен азғындық ара-тұра бой көрсетуде. Қазір елімізде қылмыстық ахуал тұрақталды десек те, тығылып есірткі сатқан, жезөкшілікпен айналысып, кісінің мүлкіне сұғанақтық танытқан оқиғалар кездеседі. Осындай келеңсіздіктерді тойтарып, қоғам тыныштығын күзеткен азаматтар, өз ісіне адал берілген полиция қызметкерлері қандай құрметке болса да лайық.

Мәселен, елімізде аса қауіпті қылмыскерді қолға түсірген тағы жеті қызметкер марапатталды. Дегенмен, олардың ішінде Бақытжан Бәкіровтің ерлігі ерекше атап өтуге тұрарлық. Ал осындай абыройға бөленіп жатқан полиция қызметкерлері мұны батырлыққа баламайды. Бұл олар үшін кәдімгі жұмыс, қылмыскерді ұстау – міндет.
Осы арада еске сала кету керек, биыл 11 шілдеде 36 жастағы алматылық полиция қызметкері Бақытжан Бәкіров қылмыскерді ұстаймын деп биік үйдің 13-қабатынан секірген. Осылайша, Бақытжан аса ауыр қылмысты жедел әшкерелеп, кәмелетке толмаған адамды тонау мен зорлау оқиғасына қатысы бар күдіктіні ұстаған еді.
Екібастұздан келген 1989 жылғы Ш. есімді азамат өзі көздеп, кілтін тауып кірген үйден аса қомақты қаражатты қалтасына басқаны аз көрінсе керек, бұдан кейін де аса ауыр қылмысқа барған. Ол төрт жасар бала мен 15 жастағы қыз тұратын үйге кіріп, 17 мың АҚШ долларын ұрлап, қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Полиция департаменті осы қылмысқа байланысты арнайы жоспар құрып, оның қайда жасырынғанын анықтайды. Күдікті Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында орналасқан тұрғынүйлердің бірінің 13-қабатындағы пәтерде бой тасалап жатқан.
Қылмыскер қолға түсіру барысында, әрине сытылып кетуге жанталасып, ашық терезеден секіріп кеткен. Оның соңынан полиция қызметкері де секірген. Екеуі де бір қабат төмен орналасқан террасаға құлап, полиция майоры Б.Бәкіров аяғының сынғанына қарамастан, күдіктінің қашып кетуіне жол бермеді. Азғын дер кезінде айғағымен тұтқындалды.
«Қылмыскер қаша жөнелген кезде мен де соңынан қудым. Ол бөлмелердің біріне кіріп, ашық терезеден секірді. Басты мақсат – қуып жету болғандықтан, маған оның соңынан секіруге тура келді», деп түсіндірді бұл әрекетін Б.Бәкіров.
Құқық қорғау қызметкерлері қылмыскердің қайда жасырынғанын анықтағаннан кейін, пәтер иесімен келісіп, құрылысшылардың киімімен төменгі қабатта су ағып жатыр деген желеумен ол тығылған пәтерге кіреді. «Құрылысшылар» «суы ағып жатқан кранды» іздеп жатқан кезде азғын өзіне бір қауіптің келгенін сезіп, қашуға ұмтылады.
Әрі қарайғы сюжет жоғарыда баяндағанымыздай. Дәл осындай тағдыршешті, аса қауіпті сәтте полиция қызметкеріне спорттық машығы, түрлі жарыстардың жүлдегері атандырған дайындығы көмектесті.
– Мен өз ісіне адал полиция қызметкері болуға ант бергенмін!.. Мұнсыз полицияға кім сенеді?! Біз төрт күн бойы қылмыскердің ізіне түсумен болдық. Ал қорлық көрген қыздың анасы азғынды қашан ұстайтынымызды білу үшін күн сайын хабарласып тұрды. Біз оны ұстап, құрыққа түсіргенімізге толық көзім жеткен кезде, көзімнен жас ыршып кетті, – дейді Бақытжан Бәкіров.
Қысқасы, бейбіт өмірде «Бэтмен» болған Б.Бәкіров осындай көзсіз ерлігі үшін Ішкі істер министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапатты оған Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов табыстады.
– Бүгін біздің әріптесіміз Бақытжан Бәкіров Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімі бойынша «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Осы мақсатпен біз оның үйіне барып, денсаулығын біліп, тезірек сауығып кетуін тіледік. Майор Бақытжан Бәкіровке ризашылығымды білдіремін. Осындай лайықты ұлды тәрбиелеп өсірген ата-анасына ерекше алғыс айтамын! – деді Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар министрдің және Полиция департаменті басшысының марапаты Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің тағы жеті қызметкеріне берілді. Олардың шебер әрекеті арқасында баланы қорлаған аса қауіпті қылмыскердің жолы кесіліп, ендігі жерде лайықты жазасын алады.
АЛМАТЫ
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 18:47
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар