Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің негізгі бағыттарына өзгерістер енгізіліп, қылмыскерлерді құрықтап, жазалауға емес, оны болдырмауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жаппай ағартушылыққа басымдық берілуде.

Қоғамда жемқорлықпен күрестің қарқыны күшейгенімен, көлеңкелі қылмысқа жол берушілердің саны азаймай тұр. Соның ішінде, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген азаматтардың қызметтік өкiлеттiктерін теріс және заңсыз пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, кедергі жасау, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық, жеке және заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беру сынды сыбайлас жемқорлық деректері әлі де ел аумағында белең алуда. Мемлекет бюджетін мақсатсыз пайдалану, қызмет бабын жеке бас пайдасына жарату, жұмысқа қабылдау барысында белгілі бір қаражат мөлшерін талап ету, тексеріс мекемелерінің келуіне орай қаржы жинау секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де қазір қоғамда жиі ұшырасып келеді.
Қайтпек керек?! Мұндай жағдайда ел азаматтарының қолдауы мен белсенділігі, ашықтығы мен оперативтілігі айрықша маңызға ие. Анығында, «Жемқорлыққа қарсымыз!» деген ортақ ұран көптің көкейінде көлкіп тұрғанмен, іске келгенде қоғам індетіне қарсы тұру жалқының жұмысы, ардың ісі болып саналады. Сондықтан қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне куә болған азаматтың әлеуметтік індетке көз жұма қарамауы, белсенді әрекет ете білуі – еліміздің ертеңі үшін жасалған ерен ерлікпен және елеулі еңбекпен пара-пар.
Ең алдымен, қандай да бір жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы ақпарат білген азамат Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет ететін «1424» Саll-орталығына қоңырау шалуы тиіс. Онда хабарласушының жеке ақпараты құпия түрде сақталып, берілген түрлі ақпараттар мен арыз-шағымдар, ұсыныстар мен пікірлер операторлар арқылы қабылданады. Тұрғындардан сыбайлас жемқорлық тәуекелін жасады деген ақпарат келіп түскен жағдайда, жедел желінің операторлары абонентті агенттіктің кезекші офицерімен тікелей байланыстырып, әрбір хабарламаны басты назарға алып отырады. Тіпті кейбір тұрғындар өз ақпаратына сенімсіздік білдірсе, тегін консультациялық кеңестер беріліп, ақпараттық көмектер көрсетіледі. Бүгінде «1424» сенім телефоны арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижесінде қаншама іс қозғалып, бірқатар көлеңкелі қылмыстың беті ашылып үлгерді.
Сондай-ақ қоғам індеті тұрғысында тиісті мекемеге хабарлаудың өзге де жолдары қарастырылған. Мәселен, агенттікке не болмаса агенттіктің аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде арыз қалдыру арқылы хабардар етуге болады. Қазіргі таңда агенттік «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын негізге ала отырып, әрбір тұрғын тарапынан келіп түскен ақпаратқа айрықша ден қоюда. Азаматтардың құқықбұзушылық туралы берген мәліметі расталып, сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жұмысына жәрдемдескені үшін аталған азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді және олардың жеке бас қауіпсіздігі мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болады.
Құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу, яғни біржолғы ақшалай сыйақы беру мөлшері сыбайлас жемқорлық қылмысының деңгейіне сәйкес беріледі. Қазіргі таңда 1 айлық есептік көрсеткіш 2778 теңгені құрайтындығын ескерсек, әкімшілік істер бойынша – 83 340 теңге (30 АЕК), қылмыстық істер бойынша – 111 120 теңге (40 АЕК), орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша – 138 900 теңге (50 АЕК), ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 194 460 теңге (70 АЕК) және аса ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 277 800 теңге (100 АЕК) мөлшерінде ақшалай сыйақы беру реттілігі қарастырылған. Бұған қоса, құны 2 778 000 теңгеден (1000 АЕК) асатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал мен көрсетілген қызметтер сомасының 10%-ын құрайды.
Бұл әдіс «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің анықталуын жеделдетіп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықтың азаюына және халықпен кері байланыстың сапасын арттыруда тиімді тетік көзіне айналып отыр. Сондықтан ел игілігі жолында жұдырықтай жұмылып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін хабарлауда азаматтық белсенділікті арттыру қажеттігін алға тартамыз. Мерейлі мемлекетіміздің кемел келешегін қалыптастыруда қоғамдық пікірдің құны қымбат, маңыздылығы жоғары екендігін ұмытпағанымыз абзал.
Мирас ҚАРҒАБАЙ,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Спорт • Кеше
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Кеше
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Кеше
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Кеше
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Кеше
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Кеше
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Кеше
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Кеше
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Кеше
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Кеше
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Кеше
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Кеше
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Кеше
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Кеше
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Кеше
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Кеше
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Кеше
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Кеше
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Кеше
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Кеше
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Кеше
Руханият • Кеше
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Кеше
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар