Пікір • 24 Шілде, 2020

Бас бірікпей, жеңіс жоқ

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мынау бүкіл елді жаулап жатқан пандемия, әсіресе қазаққа қырғидай тиді. Оның ішінде жақсылары мен жайсаңдары, өнер адамдары, талантты­лары мен дарын­дыларынан айырылып қалдық. Бірақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдан келген шараның барлығын жасап жатыр. Біз Прези­ден­тімізді қолдаймыз. Өйткені дәл осындай қиын шақта қазаққа керегі – бірлік.

Бас бірікпей, жеңіс жоқ

Мың қосшыға – бір басшы. Әрқайсымыз әр тарапқа тартпай, сол бір адамды қолдап, үн қосуға міндеттіміз деп ойлаймын. Барлық мәселеде бас бірікпей, жеңіс жоқ. «Саусақ бірікпесе, ине ілікпейді» дейді қазақ. Сондықтан қазіргідей қатал режімге өзімізді қалыптастыруымыз қажет. Және сол ережені өзімізден бас­тауымыз керек. Көшеге шықпау керек! Орынсыз жүрмеу керек! Әсіресе, жасы келген адамдар. Дегенмен бұл індет бас-көз демей, адамның жасына да қарамай, ажал құштырып жатыр. Сол үшін барынша сақ болғанымыз жөн.

Халқымыздың бас амандығы үшін шартарапты шарлаған індеттің екінші толқыны келмей-ақ қойсын деп тілейміз.  Осы жоғалтқанымыз да жетер. Енді, біріншіден, ана ретінде, әже ретінде, одан кейін ақын-жазушы ретінде ел-жұртымның амандығын тілеймін. Лайым жақсы күндерде жақсылықпен сүйіншілесіп кездесейік.

 

Ханбибі Есенқарақызы,

ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

«Парасат» орденінің иегері