Мен осыдан біраз жыл бұрын елдігіміздің өткені мен келешегін тебірене толғаған «Ту» атты
поэмамда:
«Қашанда қиянаттан қазақ өлген,
Жауыздың ешбірі жоқ жаза көрген.
Көк тудың қасиетті киесі атар,
Сабынан ұстамасаң таза қолмен», – деген едім.

Сол сөзді қазір де қайталағым келіп отыр. Ел басына ойламаған жерден ауыр күн туды. Қара тұтып отырмыз... Қазақ өткен тарихында қиян-кескі қиянаттан қырылса, енді құлақ естіп, көз көрмеген кесапат індеттен зардап тартып отыр. Қаншама азаматымыздан айырылдық, қанатымыздан қайырылдық. Көзімізде қанды жас, көкірегімізде ащы запыран. Халық ызалы да азалы. Осындайда ел ерге қараса, ер жерге қараса не болмақ? Қасірет тартып шулаған қалың бұқараны ауыр індеттің азабынан, тосын келген ажалынан кім арашалап қалмақ? Көл қорғаған қызғыштай ел үшін алдымен кім шырылдап отқа түспек? Әрине зобалаң індет әкелген зұлмат салмақ ең алдымен ел тізгінін ұстап отырған азамат Президенттің иығына түспек. Алайда жалғыз Президент не істей алады? Мұндай қиын-қыстау кезеңде жүрегі елім деп соққан азаматтың бәрі ауыр жүкті жұмыла көтеріп Президенттің қасынан табылуымыз керек.
Қазақ «Бірлік болмай, тірлік болмайды» – деп осындайда айтқан. Қасым-Жомарт Кемелұлы ел тізгінін ұстағаннан бері жылдан аса уақыт болды. Бірақ бір жылда он жылға татитындай қиын күндерді бастан өткердік. Ол оқиғаның бәрі елге мәлім. Осы тар кезең, тайғақ кешу сәттерде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қажырлы қайратына, қасіретке қайыспай қарсы тұрып, белін бекем буып, ақ жүрегінен ақтарылып шындықты айтқан адалдығына, көңілінің де, қолының да тазалығына көзім жетті. Атадан асыл туған, текті әкеден тәлім алған Қасым-Жомарт Кемелұлындай арлы азамат қана ел Туын таза қолмен ұстай алады.
Жасыратыны жоқ, қазір біздің елде коронавирустен де қатерлі індет бар. Ол – коррупция. Жемқорлықтың асқынғаны сонша, халық қырылып жатқанда дәрі-дәрмекті іннен-інге, көрден-көрге тыққан, өз халқына жаны ашымайтын, бүйрегі бүлк етпейтін бетсіздердің қылығы халыққа індеттен де қатты соққы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының осы жемқорларға қарсы бірден ашық күрес бастағаны көптің көңілінен шықты. Жолы таза, қолы таза адам ғана осындай батыл қадамға бара алады. Алла бұйырса, халқымыз қайрат көрсете білсе, Президентіміздің бұл қайғылы кезеңнен де елімізді алып шығарына сенімдімін. Оған 10 шілдедегі айтқан өз сөзі де дәлел.
Сөзімнің басындағы өлеңімде айтқанымдай, Президенттің өзінен бастап, билік басындағы әр азамат көк Тудың сабынан таза қолмен ұстай білсе ғана, ел бетіне түзу қарай алады. Алайда ащы шындықты айтсақ, ешкімнің бітеу жарасының ауызы ашылмас. Осынау зұлмат кезеңде ел Үкіметі Президентке сүйеу, халыққа тіреу болуға тиіс. Амал не, қателіктерге жол беріліп, ел қиындықтармен бетпе-бет келді. Халық та соған күйінуде.
Ел болашағы жарқын болсын десек, Президент қасына ұлт үшін аянбай қызмет ететін, мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын тұлғаларды ғана топтастыру керек деп ойлаймын. Бізге мынау қиын заманда халықтың қамынан гөрі, қалтаның қамын ойлайтындардың билік басында отыруы аса қатерлі. Сондықтан да халықты қызғыштай қорғайық, досқа күлкі, дұшпанға таба болмайық!..
Несіпбек АЙТҰЛЫ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:04
Руханият • Бүгін, 08:02
Аймақтар • Бүгін, 08:01
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар