Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Сәтбаевтағы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді - министр

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласындағы оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz 

Сәтбаевтағы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді - министр

"23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласының ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін  қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты.Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды", деді министр. 

Министр бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті. 

"Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды. Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер және оны таратпаңыздар. Тек ресми ақпаратқа сенініздер. Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", деді Е. Тұрғымбаев.