Елорда • 24 Шілде, 2020

Елордада инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды керует алынды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әкімдігі № 3 көпсалалы қалалық ауруханасының "Рамада Плаза" жұқпалы аурулар стационарындағы науқастар үшін заманауи талаптарға сай 500 көпфункциялы керует сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды керует алынды

Керуеттер дәрі-дәрмек штативтерімен жабдықталған. Пайдалануға өте ыңғайлы және еркін қозғалады. Қазіргі уақытта астанада 4 мыңға жуық төсек-орындық 16 стационар жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елорда ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар келіп түсті.

Таяу күндері қала ауруханалары мен емханаларына тағы өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат, 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және т.б. жабдықтар келіп түседі. Сонымен қатар қаладағы дәріханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін 80 тоннадан астам дәрі-дәрмек түсті. Аталған көмек түрі гуманитарлық жүк ретінде емес, дәріханалар желісі дистрибьютерлерінің қаржысы есебінен алынған. Әкімдік тарапынан оларға дәрі-дәрмекті сатып алуға қаржы бөлініп, көлікпен жеткізуге көмек көрсетілуде. Бүгін-ертең қалаға қосымша дәрілер жеткізіледі.