Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Батыс Қазақстанда тоғыз той өткен

1015 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан соңғы бір апта ішінде 9 той өткен деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда тоғыз той өткен

"Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тыйым салғанына қарамастан облыста той, салтанатты мереке, туған күн секілді шараларды ұйымдастыру фактілері әлі тіркелуде. 2020 жылдың 15-22 шілде аралығында облыс аумағында 20-50 адамның қатысуымен 9 той өткізілген", - делінген Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті таратқан мәлімдемеде.

Мониторинг тобы Теректі ауданының Федоровка және Абай ауылдарында, Жәнібек ауданының Борсы және Жәнібек ауылдарында, Қаратөбе ауданының Қаратөбе және Саралжын ауылдарында, Жаңақала ауданының Бірлік ауылында, Қазталов ауданының Қазталов ауылында және Сырым ауданының Жымпиты ауылында карантин кезінде той өткізілгенін анықтаған. Бұл бойынша той өткізген жеке тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Батыс Қазақстан