"Дәрігер коронавирустан науқастарды емдеген кезінде немесе жұмыс орнында жұқтырып, одан қайтыс болған жоқ. Егер болған жағдайдың өзінде дәрігер еліміздің қарапайым азаматы ретінде гигиенаны және санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтамауынан жұқтыруы мүмкін", дейді Денсаулық министрі.
Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі берген статистикасы дәл және негізді болып табылады. Әрбір өлім бойынша білікті мамандар арнайы талдаулар мен зерттеулер негізінде қорытынды береді.
Asia-Plus порталы "пневмония" және елдегі коронавирустың анықталуымен, әлеуметтік желілерде қайтыс болған дәрігерлер туралы көптеген ақпарат легі пайда болды. Олардың өлімі туралы туыстары, достары, әріптестері хабарлаған. Себебі көрсетілген дәрігерлердің өлімі туралы ресми мәліметтер әлі болмағанын нақты айтты.