Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Шығыс Қазақстан облысында малдың құтырма ауруының таралу қаупі жойылды

17 рет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Багратион ауылдық округінің Привольное ауылында соңғы он күнде мал өлімі тіркелген жоқ, деп хабарлайды АШМ  баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында 22 және 23 шілдеде ШҚО құтырма ауруы туралы тараған хабарламаға түсініктеме берді.

Привольное ауылында 11 бас ірі қара мал өлімі тіркелген. Оның төртеуінен  зертханалық нәтижелер бойынша құтырма ауруының өлімге себеп болғандығы анықталды.

Бір сынамадан теріс нәтиже көрсетті. Қалған алты жағдай бойынша қазіргі уақытта  зертханалық зерттеулер жалғасуда:  люминесцентті микроскопиядан теріс нәтижелер алынды,  ақ тышқандардың биосынамасына  бақылау жалғасуда (құтырма ауруын зерттеу 30 күнге созылады).

Привольное ауылындағы барлық жануарларға, соның ішінде ірі қара малға, жылқылар мен иттерге жедел егу, жеке аулаларда дезинфекциялық емдеу жүргізілді, жануарлардың өлексесі өртелді.

Нәтижесінде, аймақта соңғы 10 күн ішінде ауырған мал өлімі тіркелген  жоқ.  Эпизоотикалық жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында.

Айта кету керек, құтырма ауруынан өлген мал иелеріне келтірілген залалдың шығыны өтеледі.  Өтемақы алу үшін банктік шоттың нөмірі мен жеке куәлігін көрсету қажет.  Ал, мал иесі екенін растайтын және оның өлу себебін анықтайтын құжаттарды жергілікті ветеринария бөлімінің мамандары береді.

 

Соңғы жаңалықтар

Балқашта қар жауып жатыр

Ауа райы • Бүгін, 15:48

Той тойлау тыйылмай тұр

Қоғам • Бүгін, 10:45

733 980 қазақстандық вакцина салдырды

Коронавирус • Бүгін, 09:58

Әуеден бақылау жасалды

Саясат • Бүгін, 08:52

Банктегі онлайн қызмет

Технология • Бүгін, 08:43

Көп көлемде айыппұл салынды

Экономика • Бүгін, 08:32

Ұқсас жаңалықтар