Аймақтар • 25 Шілде, 2020

Оттегі баллондарын тәуілік бойы шығарады

557 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

"КазХром" транс ұлттық компаинясының басты құрылымдық бөлімшесі – Ақтөбе ферро қорытпа зауыты індет кезінде медицина мекемелеріне теңдесі жоқ көмегін тигізуде. КВИ мен пневмония дерті қос өкпеден қысқанда адамның тыныс алуы қиындап, оттегі жетпей қалатыны белгілі болып отыр. Осы орайда аталған зауыт мамандарының шілденің 28 жұлдызынан бастап оттегі баллондарын шығаруды қолға алды. Сөйтіп бүгінгі күнге дейін олар облыс аумағындағы ауруханалар мен провизорлық госпитальдарға алты мың данадан астам оттегі баллондарын жеткізген.

Оттегі баллондарын тәуілік бойы шығарады

Мұндай өтіні-тілек зауыттықтарға ақтөбелік дәрігерлер тарапынан білдірілген екен. Сөйтіп бұрыннан өз ісімен қалыптасқан машығы бар іс қайтадан қолға алынып, оған қажетті жұмыс күші мен көлік тартылған. Сол кезде бір айда не бәрі отыз осы тектес өнім жасалса, бүгінгі күні тек бір тәуіліктің ішінде оттегі баллонының үш жүзі емдеу мекемелеріне жол тартуда.

- Көмектері індет жұқтырғандарға қажет екенін сезіну оттегі учаскесінің маман-қызметкерлеріне жаңа серпін мен жігер берді деп сеніммен айта аламын. Олар тәуілік бойы жұмыс істеу тәртібін өздері аттай қалап алды. Біз соған сүйсіндік. Бұл істің жауапкершілігі өте жоғары. Сондықтан да оның таза әрі сапалы болуы мұқият қадағаланады. Адам өмірі үшін айқас уақыт күттірмейді. Сондықтан аурухунадан түскен сұраныстарды толықтай өтеуге ұмтылып келеміз, - деді бұл жөнінде газет тілшісіне "КазХром ТҰК" АҚ-ның Президенті Арман Есенжолов.

 - Өз кезегінде індетпен арыстанша арпалысып жүрген денсаулық сақшылары да өндірісшілерге шексіз алғыстары мен ризашылығын жеткізуде. Мысалы «Дару» емдеу-сауықтыру клинникасының бас дәрігері Изольда Каландия зауыт мамандарының еңбегі науқастарды ажалдан арашалап алып қалып жүрген дәрігерлерден бір мысқал кем түспейтінін айтып берді.

Сондай-ақ ТҰК басшысының айтуынша Ақтөбе медициналық орталығы (АМО) ұжымының тарапынан Бобров аппаратына оттегіні дымқылдандыру үшін қажетті арнайы штуцер-тетікті әірлеу жөнінде өте күрделі ұсыныс-тілек түсіпті. Бұл жолы компаниядағы жөндеу-механикалық цехының мамандары он ойланып, жүз толғанып, жүз жеті рет өлшеп, бір рет кесіп сол қажетті қондырғыны жасап шығарыпты.

Әрине бұл арада олар Ақтөбе медицина орталығында дәрігерлермен кеңесіп, олардың білдірген ұсыныс тілектерін назарға алғаны айтпаса да түсінікті. Ақ халаттылар мамандарға бұл детальдың үлгі-пішімі қандай болуы керектігі жөнінде егжей-тегжейлі айтып беріпті. Содан соң олар қайтадан зауыттарына оралып, оның ескиз-нобайын жасап шығарады. Оның алғашқысы сынама түрінде болса, кейінгісі көздеген нәтижеге қол жеткізген. Сөйтіп, зауыт жаңашылдары оның қырыз жиынтығын шығарып АМО-ға жеткізген.

Сәтін салғанда "Казхромның" бұл тетігі  пайдаланылу кезінде толықтай оң нәтиже көрсеткен. Жөндеу-механикалық цех бастығының орынбасары Темірбай Мамырбаев айтып берген бұл әңгіме зауыт шеберлерінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін, әрі тың ізденістерге бой ұра алатнын тағы бір мәрте айқындай алғаны анық. Бұл жолы Ақтөе медициналық орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев зауыт тапқыштарының ой сүзгісінен шыққан деталь арнайы медициналық құрал-жабдықтар жасайтын мамандар қызметінің қатарына қойыпты.

Сонымен бірге казхромдықтар дәрігерлерге қолдауын елімізде COVID-19 дертінің ең алғаш тіркелген кезінен көрсете бастағанын айта кеткен орынды. Сөйтіп олар сәуір айында "Біз Біргеміз" акциясы аясында ерікті түрде екі миллион теңге жинап медицина мекемесінің есебіне аударған. Оның тең жартысы кіші медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау ретінде берілген. Сондай-ақ аталған компанияның инженер-техник қызметкерлері мен барлық жұмысшылары металлург мамандығының иелері болып табылады. Олар таяуда өткізілген кәсіби мерекелері – Металлург күні қарсаңында өздері мен өздері мәре-сәре болуды қаламай Ақтөбе, Хромтау және Ақсу қалаларындағы медицина мекемелері ұжымдарына жеміс-жидектер мен тәтті тағамдар жиынтығын жеткізіп берген екен.

 Ендеше "Жарайсыңдар, казхромдық жігіттер!" деудің әбден жөні бар емес пе?!

 

АҚТӨБЕ