Коронавирус • 25 Шілде, 2020

Дәріханаларға еріктілер бекітілген

81 рет көрсетілді

Қазіргі таңда дәріханалардағы дәрілердің тапшылығы мен дәрілердің бағасы бақылауда. Баршаңызға белгілі, біршама уақыт алдын біраз тұрғындар тарапынан дәрілердің жоқтығы мен бағаның қымбаттығы жайлы көптеген арыздар мен өтініштер түскен, - деп хабарлайды Egemen.kz

Әрине, ондай айғақтардың болғаны рас. Алайда, қазір барлығы ретке келді десек болады. Бұл тікелей Президенттің назарында тұрған мәселе.

Осының анық-қанығын анықтау мақсатында Сайрам ауданында да тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінде ешқандай бағаның қымбаттығы анықталып жатқан жоқ. Шектік баға сақталуда. Алайда, кейбір дәріханаларда бірең-сараң дәрілердің жоқ екендігі белгілі болды. Олар жайлы дәріхана егелері тарапынан жеткізіп беруші компанияларға сұраныс берілген.

Мәлімет үшін айтайық, Сайрам ауданында 29 дәріханамен меморандум түзілген. Барлығына еріктілер бекітілген. Олар күнделікті дәрілердің шектік бағаларының сақталуына мониторинг жасайды, дәріхана сатушылары мен алушы азаматтарға карантин талаптарын қатаң сақтау, маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты ұстану бойынша да түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

Қай салада жалақы өсті?

Экономика • Бүгін, 11:45

Ұқсас жаңалықтар