Бразилия президентінен вирус 7 шілдеде анықталған. Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы тапсырған сынақтары осы уақытқа дейін оң нәтиже көрсеткен еді.
"Sars-Cov 2-ге қарсы RT-PCR: теріс нәтиже. Күндеріңіз жақсы өтсін", - деп жазды президент Twitter желісінде.
65 жастағы президент Бразилия штаттарында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы сауда мен қызмет көрсетуді шектейтін ережелерді қатаң сынға алады және үйде 60 жастан асқандар мен вирус қауіпті саналатын адамдарды ғана оқшаулау керегін айтады.
Наурызда Болсонаро оны ешқандай коронавирус жоя алмайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ, ДДҰ жариялаған пандемияны ол "кішкентай тұмау" деп атаған.