Әлем • 26 Шілде, 2020

COVID-19: Әлемдегі ахуалға шолу

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кей мемлекеттер эпидемияның екінші толқынымен күрес мәселесіне белсене кірісе бастады. Өйткені, әлем бойынша коронавирустың таралу қарқыны күннен-күнге өсіп, инфекция жұқтырғандар саны артып келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

COVID-19: Әлемдегі ахуалға шолу

Өткен тәулікте әлемнің 40-қа жуық елінде коронавирус жұқтырғандардың саны рекордтық деңгейге жетті. Инфекцияланғандар әдеттегідей АҚШ-та, Бразилияда, Үндістанда ғана емес, Австралияда, Жапонияда, Францияда, Гонконгта, Боливияда, Суданда, Эфиопияда, Болгарияда, Бельгияда, Өзбекстанда, Украинада, Израильде де көбейді.

Карантиндік шектеулерді алып тастаған немесе жеңілдеткен бұл мемлекеттере коронавирусқа шалдыққандардың саны осымен тағы да шарықтау шегіне жетіп отыр.

Францияға эпидемияның екінші толқыны жетті. Соңғы 24 сағатта мұнда мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция табылған.

Австралияның Виктория штатында кешеден бері коронавирусты 357 адам жұқтырып, тағы бесеуі қайтыс болды. Сондықтан, халықты маска тағуға міндеттейтін стратегия өз күшін жоймай отыр.

Оңтүстік Кореяда 24 сағатта 113 адамға Covid-19 диагнозы қойылды. Осылайша, кейінгі төрт айда жұқтырғандардың тәуліктің саны алғаш рет 100-ден асып отыр. Жалпы алғаша, эпидемия басталғалы бұл мемлекетте қауіпті инфекция 147 мыңнан астам адамнан табылып, 298-і қайтыс болған. 

Ресейде вирус жұқтырғандар саны 807 мыңға жуықтады. Пандемияның беті қайтпаса да, Мәскеуден, Санкт-Петербургтен және Дондағы Ростовтан Түркияға, Танзанияға, Ұлыбританияға  әуе рейстері тамыздың алғашқы күнінен бастап әуе рейстері қайта ашылады.