Аймақтар • 26 Шілде, 2020

Ертіске батып бара жатқан жігіт құтқарылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Ертіс өзеніне батып бара жатқан жігіт құтқарылды, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. 

Ертіске батып бара жатқан жігіт құтқарылды

Ведомствоның мәліметінше, қаладағы ыстық ауа райы халықтың жаппай өзен-көлге шомылуына түрткі болып отыр.

Көп адам рұқсат етілмеген, арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылады. 1991 жылы туған жігіт Ертіс өзенінде жүзіп жүрген. Бірақ қатты ағысқа тап болып, оған қарсы тұруға шамасы жетпей, өзен бойымен аға жөнелген.

"Оның күші таусылып, өз бетінше жағаға жүзіп жете алмаған. Жағалауда Өскемен қаласының құтқару стансасы бар еді. Стансадағы қызметкерлер суда тырбаңдап, не істерін білмей абдыраған адамды байқап, көмекке ұмтылды. Біреуі өзендегі жігітке қарай жүгірсе, қалғаны құтқаратын құралдар мен катерді жағалап кетті. Қала тұрғынының жанына жүзіп жеткен құтқарушы оны жағалауға дейін сүйреп жеткізді", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.