Коронавирус • 26 Шілде, 2020

Қазақстанда коронавирус қарқыны тұрақталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда КВИ қарқыны тұрақталып, дәрігерлер үйреншікті жұмыс режиміне көшіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда коронавирус қарқыны тұрақталды

"Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік берді, провизорлық және инфекциялық стационарлар жүктемесі айтарлықтай азайды. Осылайша, провизорлық төсек-орынның қамтылуы 40%-ға (89%-дан 49%-ға дейін), реанимациялық төсек-орынның қамтылуы – 19%-ға (73%-дан 54%-ға дейін) төмендеді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі Telegram парақшасында.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасымен COVID-19 және пневмониясы бар науқастарды емдеуге қажетті стационарлық төсек-орын әзірленіп, жалпы төсек қоры 30,4 мыңнан 52,1 мың төсек-орынға дейін яғни 21,7 мыңға өсті.

"Бұл көрсеткіштер ауру қарқынының тұрақталғанын көрсетеді. Дәрігерлер біртіндеп үйреншікті жұмыс режиміне көшіп жатыр, шаралар жүйелі түрде жүзеге асырыла бастады", – дейді министрлік.