Әлем • 26 Шілде, 2020

Өзбекстанда карантин ұзартылды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда карантиндік шектеулер 10 шілдеден бастап 15 тамызға дейін ұзартылады. Бұл шешімді Республикалық арнайы комиссия қабылдады, -  деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанда карантин ұзартылды

"Өзбекстанда 1 тамызға дейін қолданыста болған карантинге қойылатын шектеулер 15 тамызға дейін ұзартылды", - деп хабарлады штаб Telegram каналындағы хабарламада. Ұзарту туралы шешімді коронавируспен күрес жөніндегі арнайы комиссия қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 шілдеден бастап республикада карантиндік шаралар қайтадан күшейтілді. Елде қалаларда, сондай-ақ облыстар арасында көлік қозғалысы шектеулі. Қоғамдық іс-шараларға, үйлену тойларына және басқа рәсімдерге тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады.

Демалыс күндері жеке көлік құралдарының қозғалысына, сондай-ақ такси қызметтерінің, азық-түлікке жатпайтын дүкендер мен базарлардың жұмысына тыйым салынады. Елімізде шаштараздар мен сұлулық салондары жабық, тамақтану орындары тек жеткізу үшін жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін президент Шавкат Мирзиёев "Коронавирустық пандемиядан зардап шеккендерді азайту, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі жақсарту жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойған болатын.

Құжатқа сәйкес республикада мобильді топтар құрылады, олардың құрамына медициналық университеттердің түлектері кіреді, олар эпидемиологиялық жағдайы қиын аудандарға жұмысқа тартылады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы екі апта ішінде медициналық мектептердің түлектері, зейнеткерлер және басқа да медицина қызметкерлері есебінен ауылдық медициналық орталықтардағы, отбасылық емханалардағы және орталық көп салалы емханалардағы шағын және орта медициналық персонал үшін бос жұмыс орындарының толық толтырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.