Қоғам • 27 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанда 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаланың барлық тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, тіркеусіз де қатыса алады.

Нұр-Сұлтанда 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 107 инфрақұрылым нысанында жұмыстар жүргізілуде. Қол еңбегіне сұраныс жо­ғары. «Жұмыс күшінің тап­­шылығы, мамандар же­тіс­­пеушілігі байқалуда. Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы арқасында ке­лі­сімге қол қойылды. Қазір жұ­мыспен қамту орталығы бізге дәнекерлеушілерді, электриктерді, жалпы жұ­мыс­­шыларды жіберуде. Біз оларды осы бағдарлама бо­йынша жұ­мысқа аламыз», дейді ASTI ком­паниясының инженері Руслан Зулпикаров.

Электрик Максим Весел­ков ұзақ уақыт жұмыс таба алмағанын айтады. Достары оған жұмыспен қамту орталығына хабар­ласуға кеңес берген. Ол ор­талықта жұ­мыс­сыздық бойынша тіркеуге алынды. «Біраз уа­қыттан кейін олар маған қо­ңырау шалып, осында жұмыс істеуді ұсынды. Маған жұ­мыс шарттары ұнады, ме­ди­циналық тексерістен өтіп, құжаттарды тапсырдым. Қазір электрик болып жұ­мыс істеймін. Маған жұ­мыс ұнайды, жалақым уақ­тылы. Арнайы жұмыс киімі бе­рілді», дейді М. Веселков.

«Елордада Жұмыспен қамту­дың жол картасы­ (ЖҚЖК) сәтті іске асырылуда. Бүгінде 3929 адам жұмыспен қамтылды. 94 ұйым­мен ниет хаттамалары жасалды. Қазіргі уақытта ЖҚЖК-да 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар», деп хабарлады елорданың Жұмыспен қамту орталығы.

«Құрылыс компаниясы ре­тінде біз үшін Жол картасы үл­кен көмек. Бүгінде біз 70-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр­мыз және мұ­нымен тоқтап қалмаймыз. Біздің жұмысымыз одан да көп жұмыс күшін керек етеді, шамамен 80 адам қа­жет. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмысқа мұқтаждардың барлығынан жұмыспен қам­ту­ орталығына хабарласуды­ сұ­раймыз. Біз құрылыс жұ­­мыс­­тарында бұрын-соңды істе­мегендерді де оқытып, кәсіби бағдар береміз. Қазір олар да табысты жұмыс жасауда», деді Р.Зулпикаров. Елорданың барлық тұр­ғыны тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, тіркеусіз де ЖҚЖК мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады. Анықтамалық ақпа­ратты бірыңғай байланыс орталығының 57 88 88 немесе 8776 146-28-62, 8747-108-21-96, 57-88-89, 72-93-62, 57-89-37 телефондары ар­қылы алуға болады.