Аймақтар • 27 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Р. Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26-30 шілде аралығында аталған көшелердегі учаскелер жабылатын болады.

Сонымен қатар, Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол - құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 26-31 шілде аралығында қозғалыс тоқтайды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс жағдайын болдырмау үшін жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет.