Аймақтар • 27 Шілде, 2020

Сайрамда той өткізген тұрғындар анықталды

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сайрамдық полицейлер карантин кезінде қонақтар шақырып, той өткізіп жатқан тұрғындарды анықтап, жиынды тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Сайрамда той өткізген тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталып, оның орындалуы барысы бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Осындай кезекті жұмыс күнінде Сайрам АПБ-не Манкент ауылындағы тұрғынның бірі өз үйінде 50-ден астам азаматтарды жинап, келін түсіру тойын өткізіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алысымен аталған мекенжайға аудандық полицейлер мен әкімдік қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ тез арада жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер ығы-жығы адам жиналған тойды тоқтатты. Карантин талаптарын сақтамай, өрескел құқық бұзғаны үшін той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес "Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" хаттама толтырылды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді. Ауданда осыған ұқсас тағы екі жайт тіркелді.

Оның бірінде жергілікті тұрғын өз үйіне 20-дан астам адам жинап, келін түсірген. Ал келесі тұрғын 15-тен астам адам жинап, қыз ұзату тойын өткізген. Бұл екі жайтта да мобильдік топ шұғыл жетіп, адамдардың көптеп шоғырлануына жол бермей, той-жиындарды тоқтатқан. Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Жалпы, аудан көлемінде жұмыс жасап жатқан мобильдік топтар 80 карантин талаптарын бұзу жайттарын анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша хаттама толтырған. оның ішінде үшьжайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру.