Руханият • 28 Шілде, 2020

Алғыс арқалаған ақ желеңді абзал жан еді

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордалық №2 көпсалалы ауруханасының директоры Иван Иванович Лидің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

Алғыс арқалаған ақ желеңді абзал жан еді

Иван Иванович талантты басшы, тамаша ұйымдастырушы әрі науқастары мен әріптестеріне бауырмал, жанашыр болды. Ол COVID-19-бен күресте алғашқы күннен бастап алдыңғы шепте тұрды.

Ол медициналық қауым­дас­тық ортасында айрықша абы­рой-беделге ие болды. Қызмет­керлері де жоғары кәсібилігі мен қайырымдылығы үшін, айналасына үнемі тек сөзбен ғана емес ісімен де қол ұшын созғаны үшін оны жоғары бағалады. Өмірінің соңғы күніне дейін ол өзінің мамандығына адал болды.

Иван Иванович өзінің меди­цинадағы еңбек жолын 1978 жылы ауруханада санитар болып бастады. Бұл кезде ол Қарағанды мемлекеттік медициналық инс­титутына оқуға түскен бола­тын. Содан кейін 3 курста оқып жүр­генінде хирургиялық бөлім­де мейіргер болды. Оқуды тәмам­даған соң Қарағанды облысы Молодежный кентінің аудандық орталық ауруханасында хирург дәрігер болып қызмет атқарды.

Иван Иванович өзінің өмірін­дегі маңызды кезеңдерінің бірі деп профессор А.Ю.Свидлер бас­­қаратын Алматы институты уро­логия кафедрасының клини­ка­сындағы білікті дәрігерлер ор­та­сына түскен кезін есептейтін еді.

Өзінің кәсіби қызметі бары­сында Иван Иванович түрлі алғыс хаттармен және құрмет гра­моталарымен марапатталды. 2018 жылы елорданың меди­циналық ұйымдары арасындағы денсаулық сақтау саласындағы білікті менеджер ретінде «Алтын шипагер» медициналық сыйақыға ие болды. Сонымен қатар ол кә­сіби қызмет барысындағы ат­қарған еңбегі үшін «Құрмет» (2013 ж.) орденімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалімен, сондай-ақ Қа­зақстан Президентінің Жар­­лығымен 2020 жылдың 20 мау­сымында азаматтардың ден­сау­лығын қорғау бойынша жан­кеш­тілікпен жұмыс істеп, зор еңбек сіңіргені үшін «Парасат» ор­денімен марапатталды.

Иван Ивановичтің басшылық етуімен 2018 жылдың қыркүйек-қа­раша айларында екі стацио­нардың, яғни №2 қалалық ауру­хана мен №1 перинаталдық орта­лықтың бірігу процедурасы жүргізілді. Бұл бірігу жолы бір­қатар оңды нәтиже берді.

Оның мойнына дәрігерлік және ұйымдастырушылық қызме­тінің үлкен жүгі артылып, адал еңбегінің арқасында жүздеген адамның өмірі құтқарылып, мыңдаған науқастың шынайы алғысына ие болды.

Оның жарқын бейнесі әр­дайым жадымызда сақталады.

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі