Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Түзеу мекемесінің тірегі – еңбек

11 рет көрсетілді

Алматы облыстық ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесінде "Еңбек-Жауғашты" РМК филиалы қызметкерлері мен сотталғандардың жұмыс барысындағы кездесуі өтті. Онда аталған мекеме аумағында ЖЕӘ – жеке еңбек әрекетін ашуға қызығушылық танытқан сотталушыларға осы мәселе бойынша түсіндіру жүргізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Нақтылай түссек, еңбек ұйымы бөлімінің қызметкерлері бас бостандығынан айрылғандарға  қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жеке еңбек әрекеттерін жасау,яғни ашу бойынша әдістемелік ұсынымдарды ұғындырды.Қолда бар қондырғылар мен құрал-жабдықтар туралы ақпарат беріп,бірлескен өндірісті ашу талаптарын түсіндірді.Мекеменің өндірістік аумағында бұрын пайдаланылмаған бүгінде осы жұмысты жүргізуге жоспарланған   ғимаратпен таныстырды.Кездесу барысында туындаған сұрақтар талқыланып,сотталғандар өндірісті ашу бойынша өзіндік идеяларын да ортаға салды.Нәтижесінде бірқатар адам өндірісті ашуға ниет етті. Сотталғандарға мекеме аумағында ЖЕӘ ашудың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны айтылды", – дейді Алматы облыстық ҚАЖД ЛА 155/14 мекемесі ООТО бастығы, әділет мойоры А.Ашова.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар