Спорт • 28 Шілде, 2020

Токиодағы WTA турнирі өткізілмейтін болды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясына байланысты теннистен әйелдер арасындағы Токиодадағы халықаралық дода өтпейтін болды, деп хабарлады Olympic.kz.

Токиодағы WTA турнирі өткізілмейтін болды

Аталған жарыс әуелі қыркүйек айына жоспарланған еді. Одан кейін коронавирус індетінің өршуіне байланысты қараша айына ауыстырылған. Былтырғы маусымда жапониялық Наоми Осака дәл осы жарыстың жеңімпазы атанған.

Айта кетерлігі, осыған дейін WTA мен ATP пандемияның кесірінен Қытайда жоспарланған доданың өткізілмейтінін хабарлаған болатын.