Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Еңбек Ері Қайролла Бақтыбаев 95 жасында өмірден озды

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еңбек Ері Қайролла Бақтыбаев 95 жасында өмірден озды

Бұл туралы алғашқы хабар фейсбук әлеуметтік желісінде 1 сағат бұрын пайда болды. "Соғыс ардагері, Еңбек Ері, Қазақстанға Еңбегі сіңген металлург, ШҚО Құрметті азаматы Бақтыбаев Қайролла Бақтыбайұлы өмірден өтті" делінген ақпаратта. Хабарды атақты металлургтың жерлесі Сағынбек Ақанов таратты.

Бақтыбаев Қайролла 20 қаңтар 1925 жылы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылында дүниеге келген.  Кеңес одағының  Еңбек Ері, "Ленин", "Қызыл Жұлдыз" ордендерінің иегері, Республикаға еңбегі сіңген кенші, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы. 

95 жасында өмірден озған атақты кеншінің зердесі елі мен жұртына деген ыстық ықыласқа толы еді. Республика халқына, кенші әріптестеріне, ел болашағының жақсылығына тілеуші  Шығыс Бәйтерегі саналған ағамыздың жаны жәннатта болсын!