Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі №53 қаулысына сәйкес Алматыға кіре берісте қалаға жануарлардың әкелінуінің алдын алу және жолын кесу үшін бекеттер ұйымдастырылды.
"Көліктер, оның ішінде жануарларды тасымалдауы мүмкін жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды саналы болуға, заңға бағынуға және ең алдымен коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын және жаһандық пандемия жағдайында оны ұстанған дұрыс", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.