Аймақтар • 28 Шілде, 2020

"Mercedes E240" иесіне қайтарылды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қайтқан малда қайыр бар" демекші астындағы жүйрігінен айрылып қалған петропавлдық оны полиция қызметкерлері оп-оңай тауып бергенде қатты қуанды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Mercedes E240" иесіне қайтарылды

Бәрі сол арақ ішуден басталған. Машинаның иесі өзінің 45 жастағы танысымен арақты тойғанынша ішіп, ертесіне машинасына келсе, оның орнын сипап қалады. Шарқ ұрып полицияға жүгінген ол темір тұлпарынан үмітін үзе бастағанда полиция хабарласып, көлігін алып кетуді сұраған. Сөйтсе, машинасын айдап кеткен кеше өзімен арақ ішкен бөтелкелесі болып шыққанында петропавлдық екі көзі атыздай болады.

Ол көлікті шайқалақтатып жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталған. Удай мас жүргізуші әйтеуір ештеңені соқпай тұрғанда тоқтатылады. Қазір ол қамауға алынған.

"Алкогольдік ішімдікті бірге ішкеннен кейін серігінің бір затын немесе осылай көлігін мініп кету жиі ұшырасатын жағдай. Ондайлар өзінің қылығын немен түсіндірерін де білмей, тек жүріп көргім келді деген сылтаумен құтылғысы келеді", дейді Петропавл қалалық ПБ екінші бөлімінің бастығы, майор Руслан Сыздықов.

Осындай жағдайлардан сақ болу үшін полиция машинаның дабылы болуы керектігін, сондай-ақ қараңғыда көлікті жарық молырақ түсетін жерге қалдыруға кеңес береді.


ПЕТРОПАВЛ