Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Қызылордада "Құқық тәртібі" шарасы кезінде 264 құқық бұзушылық анықталды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 2426 шілде аралығында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыс болдырмау, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында "Құқық тәртібі" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада  "Құқық тәртібі" шарасы кезінде 264 құқық бұзушылық анықталды

Шара аясында қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың 264 дерегі анықталды.     

Оның ішінде жолдың қарсы бағытына шыққан3 жүргізуші анықталып, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 90 адам мен көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен 30 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 6 дерегібелгілі болды.

Осы екі күнде полиция нарядтары қабылдау-тарату орнына 3, Уақытша бейімдеу орталығына 46 адамды жеткізді.