Руханият • 29 Шілде, 2020

Құрбан айт: Құрбан шалу рәсімі онлайн ұйымдастырылады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Құрбан шалу үшін Qurban2020.kz сайты іске қосылды.

Құрбан айт: Құрбан шалу рәсімі онлайн ұйымдастырылады

Қалалық дін істері басқармасы қасиетті Құрбан айт мерекесі қар­саңында құрбан шалу тәртібін түсіндірді.

Санитарлық-эпидемия­­­­лық ахуал­­ға байланысты қа­ла ме­шіт­­терінде 31 шілде күні Құр­бан айт намазы оқылмайды. Қоғам­дық қауіпсіздікті, адам­дар­дың көп жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында ор­наласқан дәстүрлі құрбан ша­лу орындары (базарлар, шаруа қожа­лықтары) жабық болады.

«Осы орайда, алғаш рет қа­­­шық­­тан құрбан шалуды ұйым­­­дас­тыру мақсатында qurban2020.kz сайты іске қо­­­сыл­ды. Аталған сайт­та кез кел­­­ген азамат онлайн түрде құр­­­бан шалуға тапсырыс бере ала­­ды. Құрбандыққа со­й­ыл­ған ет тү­гелдей әлеуметтік кө­мек­­ке мұқ­таж отбасыларға үлес­­ті­­рі­леді», делінген хабар­ла­ма­да. Qurban2020.kz сайтын­да мұқтаж жандарға арнайы «Құр­бандық етін алу үшін өті­ніш қал­дыру» функция­сы да іс­ке қосылды. Тиісті құжат­тар­­­ды жүк­теу арқылы мұқтаж от­ба­сылар әлеуметтік көмек алу үшін онлайн өтініш жолдай алады.

Сонымен қатар елорда аума­­ғына сату мақсатында ірі қара мал мен қой кіргізу шекте­леді. Дін істері басқармасы тұр­­­­­ғын­­­дарды са­ни­­­тарлық-эпиде­мия­лық қа­­уіп­­­сіздік ережелерін сақтауға ша­­­­қы­рады.

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.