Парламент • 29 Шілде, 2020

«Парламенттік каникул» – дәстүрлі демалыс емес

4 рет көрсетілді

Бұл жөнінде Сенат Төр­ағасы facebook-тегі парақ­шасына жазды. Мәулен Әшім­баев өз жазбасында Пар­ламенттің өткен сес­сия­дағы жұмысына тоқ­талып, қабылданған кей­бір нормаларға назар аудар­ған.

«Өткен сессияда Парламент Мемлекет басшысының экономиканы қалпына келтіру және пандемиямен күрес жұмыстарына қатысты барлық бастамасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз еткенін ерекше атап өткен жөн», – деді Сенат Төрағасы.

Сондай-ақ ол парламенттік каникулға шыққан сенаторлардың өз өңірлерінде және елордада індетпен күрес жұмыстарына белсене атсалысып жүргенін айтқан.

«Бүгінде депутаттар өз өңір­­­лерін­де жұмыс істеуде. «Парла­мент­тік каникул» дегеніміз дәстүр­лі демалыс емес. Бұл – ең алды­мен, жұ­мысты Парламент қабыр­ға­сынан тыс жерде жалғастыру деген сөз. Қазірдің өзінде сенаторлар алдағы сессияда қаралатын заң жобаларымен жеке жұмыс істеп жатыр», делінген жазбада.

Індетке байланысты қабыл­дан­ған шектеу шаралары депутат­тардың аймақтардағы сапарына да айтарлықтай әсер еткенін айт­қан Сенат Төрағасы халықпен кезде­су­лердің алдағы уақытта өткізіле­тініне назар аударған.

«Карантин кезінде азаматтар­мен жаппай кездесуден бас тар­туға тура келді. Бірақ карантин аяқталып, эпидемиялық жағ­дай жақ­сарған соң халықпен кездесулер міндетті түрде өткізіледі. Бүгін­де аймақтарға барған сенаторлар Мемлекет басшысы берген тапсыр­ма­лардың орындалу барысын қа­дағалап, бақылау жүргізуде. Дәрі-дәрмек пен медициналық құрал­дар жетіспей жатса, сол түйт­кілді дереу көтеріп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды жұмылдыру арқылы мәселенің оң шешілуіне септіктерін тигізіп жатыр», дейді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар ол өз жазбасында індет кезіндегі қайырымдылық іс­терге де тоқталып өткен. «Де­пу­тат­­тарымыз халықпен бірге өз қа­ра­жаттары есебінен азаматтардың және медициналық мекемелердің қажеттілігі үшін қолдау көрсетуде. Көпшілігі бұл әрекеттерін жария түрде жасап жатқан жоқ. Жасаған қайырымды істерін жариялау не жарияламау – әркімнің жеке қа­лауы. Дегенмен, қазіргідей жағ­дай­да қайы­рым­дылық пиардың құра­лына айналып кетпеуі керек деп есептеймін», деген Сенат Төр­ағасы Құрбан айт қарсаңында қолға алынған жаңа бастаманы да тілге тиек еткен.

«Құрбан айт қарсаңында сена­­тор­­лар медициналық қызмет­кер­­лерді қолдауға бағыттал­ған акцияға белсенді қатысып жатыр. Биыл Қа­зақ­стан мұсыл­ман­дары діни басқар­масының «Зекет қоры» депутаттармен және ерік­тілермен бірлесіп дәрігер­лер мен медициналық қызметкер­лердің отбасыларына азық-тү­лік қоржындарын таратуды ұйым­дастырып отыр. Мен бұл ізгі бас­тама қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдау табады деп ойлаймын», дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы пан­демиямен күрес жұмыстарына әр азаматтың үлес қосу керектігін атап өткен. «Коронавирус адамдарды әлеуметтік мәртебесіне, тұрмыс жағдайына, жынысына, этностық сипатына қарай бөл­мейді. Сондықтан пандемиямен күрес – жалпыұлттық күрес деген сөз. Осы жағдайда сенаторлар азаматтардың денсаулығын қор­ғауға және дағдарыстан кейін­гі кезеңде экономиканы қал­пына келтіруге бағытталған жұ­мы­сын жалғастыра береді. Бар­лық мүдделі азаматтармен және ұйым­дармен ынтымақтаса жұмыс істеп, бірлесіп әрекет етуге дайынбыз», делінген Мәулен Әшімбаевтың жазбасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар