Кәсіпқой бокс • 29 Шілде, 2020

Рейтингте төмендеді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Беларусь астанасы Минскіде өткен кәсіпқой бокс кешінде жұ­дырық­тасқан отандастарымыздың рей­тингтегі орындары белгілі болды.

Рейтингте төмендеді

Кештің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шығып, үш бірдей белдігін сәтті қорғаған Айдос Ербосынұлы сол кеште жеңіске жетсе де BoxRec рейтингінде жеті сатыға төмендеді. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бұған дейін 25-орында тұрған болса, жаңарған рейтингте 32-орынға жайғасты. Ал WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Australasian белбеуінен айырылған Нұрсұлтан Жаңабаев 42 орын төмен сырғып, үздік 100 боксшының қатарынан шығып қалды. Қазір ол 101-орынға тұрақтады.

Ал дебют жекпе-жегін сәтті бастаған 22 жастағы Бек Нұрмағанбет жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын 1157 боксшының арасында 501-орынға жайғасты. Сонымен қатар ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов 437-орыннан 381-орынға көтерілсе, жартылай жеңіл салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізген Евгений Павлов BoxRec рейтингінің 1041-орнына жайғасты.