Хоккей • 29 Шілде, 2020

Легионер бойынша тоғызыншы орында

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Чемпионат» басылымы Құр­лықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін командаларда қанша легионер бар екенін анықтап, олардың рейтингін жасап шықты.

Легионер бойынша тоғызыншы орында

ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында бақ сынайтын елорданың «Барыс» командасы рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасқан. Қазіргі жағдай бойынша «Барыс» құрамында жеті легионер бар. Атап айтар болсақ, қақпа­шы Ортио, қорғаушылар Блэкер, Сведберг, және ша­буылшылар Виделль, Волк, Лилья, Фрэттин.

Сондай-ақ «Чемпионат» басылымы елор­да командасынан маусымаралық үзіліс­те бірқатар легионерлердің клубтан кеткенін және «Барыс» үнемі ең үздік деген легио­нерлерді таңдайтынын атап өткен. «2019 – 2020 жылғы маусымнан кейін командадан Пас­куале, Охтаама, Найт секілді хоккейшілер кетті. «Барысты» екі жыл жоғары орындарға сүйреген бас бапкері Скабелканы да ерекше атап өтуге болады. Бірақ «Барыс» алдағы мау­сымда шау тартқан және ойын тәжірибесі жоқ легионерлермен ұзаққа бара ала ма?», делінген хабарламада.

Ресейлік басылым шау тартқан және ойын тәжірибесі жоқ ойыншылар деп швециялық шабуылшы Линус Виделль мен өткен маусымда АҚШ хоккей лигасында көзге түспеген қақпашы Якоб Лильяны айтып отыр.