Қазір ем алып жатқан науқастардың иммунитет көтеріп, ағзасын дәруменге байытуы өте маңызды. "Нұротандықтар" осы мақсатта облыстық аурухананың провизорлық стационарында жатқан 100 адамға әлеуметтік дорба таратты. Оның ішінде азық-түлік пен дәруменге бай жеміс-жидек бар.
Ал Атыраудағы мұнай компаниялары ковидпен күреске 40 млн теңге бөлді. Қорға жиналған қаржы ел игілігіне жұмсалады. Қажетті дәрі-дәрмек алынады.
Еске салайық, қазір екі өңірде де жағдай тұрақталып келеді.