Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Алматыда 1300-дей адам құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 1300-дей адам "Qurban-2020" онлайн платформасы арқылы құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында Алматы қаласының Бостандық ауданының "Байкен" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев хабарлады, - деп жазады Egeme.kz

Алматыда 1300-дей адам құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Құрбан Айт дәстүрлі мерекесіне құрбандық шалу онлайн форматта өтеді. Құрбан шалуға және сойылған құрбандық малының етін алуға өтініш беру үшін "Qurban-2020" онлайн платформасы құрылған.

"Бүгінгі таңда 1305 адам құрбандыққа шалынған етті онлайн платформа арқылы алуға өтініш білдірген", - деді Данияр Жұмабаев. 

Сонымен бірге, ол қала тұрғындарынан құрбандыққа 49 қой, 18 ешкі және 8 басқа малды шалуға өтініш түскенін айтып, толықтырды. Барлық еттің қайырымдылық аясында мұқтаж жандарға таратылатынын атап өткен жөн.

Құрбандық шалуға және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу сайтта 24-30 шілде аралығында жүргізіледі.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20