Медицина • 29 Шілде, 2020

Алматының онкологиялық орталығында жарты жылда 7 мың науқас емделді

296 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мегаполисте пандемияға байланысты карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, Алматының онкологиялық орталығы науқастарды амбулаторлық қабылдап, диагностикалық зерттеу мен емдеуді жалғастырып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алматының онкологиялық орталығында жарты жылда 7 мың науқас емделді

Алматылық онкологиялық орталық директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі онлайн-сұхбат кезінде коронавирус пандемиясы кезінде онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету жұмыстары қалай жүріп жатқандығы жайлы баяндады.

Айтылған ақпаратқа сәйкес, Алматыда жыл сайын төрт мыңға жуық қатерлі ісік аурулары анықталады. Алғашқы жартыжылдықта Орталықта жеті мыңнан астам науқас емделді.

"Бүгінгі таңда шамамен мыңға жуық операциялар жасалды, бес жарым мыңға жуық адам химиятерапия курсын алды және 500 адам сәулемен емдеуден өтті. Біздің негізгі міндеті – науқастарды ертерек анықтау, 100% емдеумен қамтамасыз етілді", – дейді Орталық директоры.

Нұрсұлтан Ізбағамбетов пандемия кезінде онконауқастармен байланысты дәрігерлердің бақылауымен бөлісті.

"Біз шындығында өзіміздің терапиямызбен барлық науқастардың иммунитетін ауыр препараттармен және сәуле терапиясымен басамыз. Бірақ бір қызықты байқадық, осы емдерді алған науқастарымыздың арасында COVID-19 жұқтырғандар саны аз. Халықаралық тәжірибені сараптай отыра, дәрігерлер қатерлі ісік ауруларына қарсы қолданылатын препараттарды қолдану коронавирус инфекциясын да басатынын байқаған", – дейді.

Дегенмен, бұл ақпараттар коронавирус инфекциясын емдеуде ауыр препараттарды қолдану ұсынылады дегенді білдірмейді.  

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Ізбағамбетов дәрілік қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға түсініктеме бере келе, Орталық қажетті дәрілік препараттар қорымен қамтамасыз етілетіндігін атады.

"Жұмыс барысында ұдайы біз Медициналық сақтандыру қорымен және дәрілермен қамтамасыз етуде "СК-Фармация" ЖШС өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Орталықтың барлық дәрігерлері дәрілік препараттармен толық  қамтамасыз етіледі", – дейді Н.Ізбағамбетов.

"Еліміздің барлық онкологиялық орталықтары сияқты біздің аурухана да барлық препараттармен «СК-Фармация» компаниясы арқылы қамтамасыз етіледі. Биылғы жылы қаңтарда біз препараттардың жартыжылдық қорын алдық, COVID-19 және шекараның жабылғанына, әуе қатынастарының үзілгеніне  қарамастан, біз айтарлықтай қиындық көрмедік", – деп атап өткен ол сүйектегі метостазаны емдеуге арналған препараттар тобы маусым айына жеткенін айтып толықтырды.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімдігі, жекелей алғанда, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы мәселеге жауапты орган ретінде дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу, қаржыландыру және басқа да ұйымдастыру мәселелерін қадағалайды. Орталықтың бас дәрігері атап өткендей, қазіргі уақытта олардың қамтамасыз етілу мәселесі шешілуде

АЛМАТЫ