Елорда • 29 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанда ауқымды өрт ауыздықталды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елорданың оң жағалауында өрт орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда ауқымды өрт ауыздықталды

Аталған аумақта 100 шаршы метрдей құрылыс материалдары отқа оранды. Осыған байланысты Өрт сөндіру қызметіне сағат 10.38-де шұғыл шақырту түседі. Өрт сөндіру өкілдерінің жедел әрекетінің нәтижесінде өртті сағат 11.01-де толық сөндірген.

Қалалық ТЖ департаменті өкілдерінің алдын ала ақпараты бойынша, олар 6 минуттан кейін Жиенқұлов көшесі, 12/2 мекенжайындағы өрт орнына келген. Құтқарушылар ашық аумақта 100 шаршы метрде орналасқан құрылыс материалдарының (поддон, пеноплекс) жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, құрылыс материалдары бар 40 тонналық контейнер жанып кеткен.

Оқиға барысында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.