29 Шілде, 2020

Омбудсмен Қазақстандағы адам саудасымен күрес жөніндегі шараларды күшейтуге шақырды

202 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Омбудсмен Қазақстандағы адам саудасымен күрес жөніндегі шараларды күшейтуге шақырдыҚазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес шараларына қатысты ахуалға алаңдаушылық білдіріп, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге ресми хат жолдады.

Омбудсмен Қазақстандағы адам саудасымен күрес жөніндегі шараларды күшейтуге шақырды

Омбудсменнің ойынша, қолданылған шараларға қарамастан, біздің мемлекетіміздің «бақылау тізіміндегі» елдердің қатарына енуі алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда ел Үкіметінің адам саудасына қарсы күрес шараларының жандандырылғандығы жайлы дәлелдерді ұсынбағандығын білдіреді. Сонымен қатар бұл жайт елімізде осындай қылмыстардан зардап шегушілер санының өскенін айғақтайды.  

Аталып өткендей, ресми статистикаға бойынша Қазақстандағы анықталған адам саудасы мен қылмыстық жауапкершілікке тарту оқиғалары Қырғызстан мен Өзбекстанды қоса алғанда олар үшін Қазақстан баратын ел болып табылатын көрші елдерге қарағанда едәуір төмен. Бұл осындай қылмыстарды анықтау, тергеу және жазалау бойынша жұмыстардың тиісті дәрежеде еместігін көрсетуі  мүмкін. 

Омбудсмен өзге де проблемалар ішінде адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арнайы әлеуметтік қызметтерге, соның ішінде дағдарыс орталықтарына уақытша орналасуға мүмкіндіктерінің  жоқтығына назар аударады. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2019 жылға арналған адам саудасы туралы жыл сайынғы баяндамасы жариялагған болатын. Оның аясында серіктес елдердегі адам саудасымен күрес жөніндегі жағдай ұсынылған.

Өзге елдерді бағалау адам саудасын жою үшін минималды стандарттарға сәйкестігі негізінде (2000 жылғы «Trafficking Victims Protection Act» АҚШ заңы) төрт деңгейдің («1», «2», «2 watch list» (бақылау тізімі) және «3»)  біріне жатқызу жолымен жүргізіледі. 

Қазақстан алғаш рет «2 watch list» (бақылау тізімі) деңгейіне жатқызылып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан 2012 жылдан бері үнемі «2» деңгейінде болып келді.

Баяндамада сондай-ақ елдегі жағдайды жақсарту үшін  11 ұсыным жинақталған.  

Қазақстан үшін маңызды саналатын келесі ұсыныстар берілген:

Адам саудасынан жапа шеккендерді анықтау бойынша шараларды мейлінше күшейту қажет- әсіресе мәжбүрлі еңбекке жегуден зардап шеккен шетелдіктерге - халықтың әлсіз топтары арасында  және жапа шеккендерге көмек көрсететіндей жерге қайта бағыттау.

Адам саудасынан зардап шеккен шетелдіктер үшін қолжетімді көмек көлемін мейлінше арттыру, ондай жапа шегушілерге олардың тергеу және қылмыстық процеске қатысуына қарамастан  анықтауды және көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

Адам саудасымен байланысты қылмыстарды тергеуді қамтамасыз ету және кінәлілерді жауапқа тарту. 

Эльвира Азимова бақылау тізімінде немесе 3-ші деңгейдегі елдер тізімінде болу АҚШ тарапынан саудаға қатысы жоқ гуманитарлық емес шетелдік көмек беруден, сондай-ақ  білім беруді қаржыландыру және мәдени алмасу шараларынан бас тарту сынды белгілі-бір санкцияларды тудыруы мүмкін екендігіне назар аударды. 

Тағы бәр тәуекел – халықаралық қаржы институттары тарапынан инвестициялық және экономикалық шектеулердің болу ықтималдығы, атап айтқанда – Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар көлемінің қысқаруы. 

«Қазақстан Респбликасының Ішкі істер министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Сыртқы істер министрліктерімен және басқа да уәкілетті органдарменбіріге отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы адамдарды заңсыз әкелу, әкету және саудалаумег күресу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия қызметі аясында берілген ұсыныстарды жыл соңына дейін іске асыру бойынша нақты шаралардың қабылдануын жеделдетуді тапсыруыңызды сұраймын», делінген омбудсменнің ҚР Премьер-министріне жолдаған хатында. 

Бұған қоса, қазіргі уақытта Қазақстандағы КХҰ (Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым) АҚШ Елшілігінің қолдауымен Қазақстан үшін тәжірибелік және заңнамалық сипаттағы ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған жобаны іске қоспақшы. Ол жұмыстың нәтижесі кейін жарияланады.