Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Тараз қаласында бірқатар нысандар карантин талаптарын сақтамаған

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығындағы бірқатар дәріханаларға күндізгі зерделеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Тараз қаласында бірқатар нысандар карантин талаптарын сақтамаған

Зерделеу нәтижесінде көптеген дәріханаларда халық көп қолданатын антибиотиктер, вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектер жоқ болып шықты. Алайда, аталған дәрілердің орнын алмастырушы препараттар бар екен. Айта кету керек, қаладағы барлық дәріханаларда бетперде жеткілікті, бұрынғыдай ұзын-сонар кезек жоқ.

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев карантиндік режимнің сақталуын қадағалау мақсатында жедел штаб, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары және учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, Бауыржан Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағы мен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта карантиндік талаптарды сақтамай, медициналық маскасыз жүрген қала тұрғындары анықталған. Сондай-ақ, белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеп тұрған дүңгіршектерге ескерту жасалды. Тағы да карантин талаптарын сақтамаған "Villa" кафесі, сыраханалар мен дүкендерге қатысты хаттамалар толтырылды.

 

Жамбыл облысы