Әлем • 29 Шілде, 2020

Еуропада коронавирустың өршіуіне туристер себепші

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, соңғы 6 аптада науқастар саны екі есе артқан. 640 мыңнан астам адам қайтыс болды. Көптеген елдерде жағдай қайта ушығып барады, - деп жазады Egemen.kz

Еуропада коронавирустың өршіуіне туристер себепші

Бельгияда шектеу шаралары күшейді. Жаңа ережеге сай, бірге тұратын отбасы мүшелерінің саны 5-тен аспауы тиіс. Дүкенге бір-бірден ғана баруға болады. Компаниялар қашықтан жұмыс істеп, қоғамдық орындар жабылды. Елде соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 70 пайызға өскен. Яғни орта есеппен тәулігіне 280 адам дертке шалдығып жатыр..

Еуропада пандемияның ушығуына туристер де себепші. Германияда маусым-шілде айларында қауіпті дертке тәулігіне 400-дей адам шалдыққан. Олардың көбі шетелге барып келгендер. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі саяхаттарды шектеп, басқа елге барғандарды міндетті тестілеуден өткізуді қарастырып жатыр.

Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралуын тоқтату үшін, халықаралық сапарларға ұзақ уақытқа тыйым салу мүмкін емес дейді.