Әлемдегі ең ауқымды зерттеу жұмыстарын Майами университетінің ғалымдары жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтиже бірнеше айдан кейін белгілі болады. Вашингтон аталған жобаға 900 миллион доллар бөледі.
Ал еуропалық вакцина 2021 жылдың қаңтарынан бастап сатылымға шығуы мүмкін. Оны Оксфорд университетімен бірлесе отырып Швеция, Италия ғалымдары жасап шығарған. Препараттың 30 миллион дозасын өндіру жоспарланып отыр. Еуропалық Одақ вакцинаны алдымен коронавирус жұқтыру қаупі басым топтарға беруге шешім қабылдаған.
Ресейде де аталмыш вакцина сынағының ақтық кезеңі басталды. Оған 1600 ерікті қатысуға келісім берген. Мамандардың хабарлауынша, дәрілік зат тамыздың ортасында ресми тіркеледі.