Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Қарағанды облысындағы "Үздік ауыл әкімі" анықталды

1104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық "Үздік ауыл әкімі" байқауының Қарағанды облысы бойынша жеңімпазы анықталды. Ол – Бұқар жырау ауданындағы Орталық ауылдық округінің әкімі Самат Мейірманов, – деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы "Үздік ауыл әкімі" анықталды

Байқаудың өңірлік кезеңіндегі сынына қатысуға барлығы 12 мемлекеттік қызметші құжат тапсырған болатын. Үміткерлер арасында "Мен неге "Үздік ауыл әкімі" атағына лайықпын"  тақырыбындағы эссесі, ауылды дамыту бойынша ұсынған жобалық жұмысы және әңгімелесу барысындағы жеке бас қасиеттері үздік деп  танылған Самат Мейірманов байқаудың өңірлік деңгейінде жеңіске жетіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

"Мемлекеттік қызметте мен 2014 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ал мұндай байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Аудандағы ауылдардың көбінде бассейн жоқ, ал бізде ол бұрын болған. Мен ұсынған жоба – бассейнді қалпына келтіру болды. Сондай-ақ, жергілікті мәдениет үйі ғимаратының бос тұрған екінші жартысын дене шынықтыру-сауықтыру кешені етіп жабдықтау ойда бар. Қазір мен республикалық кезеңге дайындалып жүрмін. 15 тамызға дейін бәрін жасап үлгеру керек. Ал байқаудың нәтижелері 20 қыркүйекте белгілі болады",  – дейді топ жарған әкім.

Еске салар болсақ, облыстық және республикалық кезеңнен тұратын "Үздік ауыл әкімі" байқауы 25 мамырда басталған болатын. Енді өңірлік деңгейде үздік шыққан жеңімпаздар алдағы тамыз айында өтетін шешуші  турда бақ сынайтын болады.

Соңғы жаңалықтар