Экономика • 29 Шілде, 2020

Ұлттық қордың cалықтық түсімдері үштен бірге қысқарды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында салық түсімдері 930 млрд теңгеге төмендеген, - деп хабарлайды Egemen.kz afk.kz дереккөзіне сілтеме жасап.

Ұлттық қордың cалықтық түсімдері үштен бірге қысқарды

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның шоғырландырылған бюджетінің (ШБ) кірістері 7 538 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға жоғары. ШБ шығыстары 23,7% - ға 7 399 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте ШБ ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бюджеттік кредит беруді (-214,5 млрд теңге) және қаржы активтерімен жасалатын операцияларды (-264,9 млрд теңге) ескере отырып, 343,3 млрд теңге тапшылығымен қалыптасқан. 

Сонымен қатар, осы жылы ШБ кірісінің артуы негізінен Ұлттық қорды басқарудан түсетін табыстың өсуіне байланысты, ол 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2019 жылдың алғашқы үш айында 405,6 млрд теңге кіріске қарағанда 2 559 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, бұл сандар тіркелген кіріс емес, тек бір сәтте теңгедегі инвестициялар құнының өзгеруін көрсетеді. Сондай-ақ, 2020 жылдың бірінші тоқсанында осындай елеулі инвестициялық табыс теңге құнының күрт төмендеуімен байланысты болғанын атап өтеміз. Естеріңізге сала кетейік, USDKZT бағамы ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 17% - ға, бір доллар үшін 382,6 теңгеден 447,7 теңгеге дейін өсті, - делінген хабарламада.