Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Атырауда Шымкентке бағыт алған автобустар тоқтатылды

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті мен  Көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерінің бірлескен рейді кезінде екі автобустың жүргізушілері ұсталды. Олар Шыкентке жолаушыларды жеткізуге уәде берген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Шымкентке бағыт алған  автобустар тоқтатылды

"27 шілдеде Атырау қаласындағы Береке ықшамауданында «Атырау-Шымкент» бағытына жолаушылар  тасымалдайтын автобус тоқтатылды. Тексеру кезінде  36 жолаушысы бар автобус жүргізушісі карантиндік шектеулерге қарамастан, жолаушылар тасымалымен айналысқан. Сол күні кешкі сағат 20:15 шамасында «Атырау-Орал» тас жолы бойында тағы бір автобус тоқтатылды. Автобус салонындағы 30 жолаушы  Шымкент қаласына бағыт алғаны анықталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Карантиндік шектеулерді  бұзған автобус жүргізушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы  (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу), 572-бабымен (Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, автобус жүргізушілерінің біріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230-бабымен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) хаттама рәсімделіп, көлік айыппұл тұрағына қойылды.