Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары итбалықтың артындағы үлкен ашық жарақат кемелер немесе қайықтардың қозғағышынан болады деп санайды. Қазір инспекторлар жараланған итбалықты Ақтаудағы итбалықтарды қалпына келтіру арнайы орталығына тапсыру үшін іздестіру жүргізіп жатыр
Еске сала кетейік, Ақтау қаласында итбалықтарды зерттеу мен қалыпқа келтіру орталығы жұмыс жасайды. Орталық қызметкерлері жаралы итбалық туралы ақпарат алған бойда, оқиға орынына шығып, итбалықтарды құтқару мен оларға көмек көрсету жұмыстарымен айналысады.
Аталмыш оқиға барысында адамдар аталмыш орталыққа хабарласқанда итбалықты құтқару әрі қалыпқа келтіру жұмыстарын жасауға мүмкіндік туатын еді. Жаралы итбалық табылған жағдайда тағы да ақпарат беретін боламыз.
Сонымен қатар Экология, геолигия және табиғи ресурстар министрлігі осындай оқиғаға кезіккен бойда министрліктің жедел желісіне 8 777 678 5252 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұрайды. Бұл жылдам шешім жасап, жануарларды құтқаруға өлшеусіз үлес қосады.