Балық браконьерлері абаттандыру ережелерін, санитарлық нормаларды, табиғи ресурстарды сақтамау, сондай-ақ заңсыз браконьерлік пен аң аулау деректерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұсталды. Табиғатты қорғау заңнамасына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен ОХОТЗООПРОМ өкілдері бағытталған.
– Бүгін, түнгі сағат он екі шамасында белгісіз біреулер “Мерседес” маркалы автокөлігімен наряд көзіне түскен. Екі ер адамның балық аулаудан Балқаш ауданының үлкен каналынан қайтып келе жатқаны анықталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Тәртіп сақшылары оларды толық "арсеналмен" – ескектері бар үрленетін резеңке қайық, электр аккумуляторы, 10 келіден астам ақмарқа балығы және басқа да балық аулау құралдарымен ұстады, – деп атап өтті Алматы облысы ПД Табиғатты қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов.
Сонымен қатар, заңсыз балық аулауды ұнататындар ел заңнамасымен қатаң тыйым салынған электр қармақтар мен желілерді пайдаланған.
– Азаматтар бұл қылмыстық іс-әрекеттің артындағы барлық жауапкершілікті әрдайым және толық түсіне бермейді. Өкінішке қарай, адамдардың заңға бағынбайтын санаты балық аулау кезінде тыйым салынған құрылғыларды жиі қолданады. Ал бұл қылмыс болып табылады және қатаң жазаланады. Енді ұсталған азаматтар заңнамада көзделген жазаны толық көлемде өтейді, – деп толықтырды Бағлан Рымжанов.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу" негізінде жүргізіліп жатыр.