Қазақстан • 29 Шілде, 2020

Кәсіподақтар федерациясы дәрігерлер еңбегін бағалауды ұсынды

109 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының  пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүрген медицина қызметкерлеріне  мемлекет тарапынан қолдау шараларын жариялағанына қарамастан, ҚР Кәсіподақтар федерациясының  (ҚРКФ) ақпараты бойынша оларды орындауда олқылықтар байқалады.  Сондықтан ҚРКФ Үкімет басшысына хат жазып, бірқатар ұсыныстарымен шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіподақтар федерациясы дәрігерлер еңбегін бағалауды ұсынды

Атап айтқанда  медициналық персоналға біржолғы әлеуметтік төлемдер уақтылы тағайындалмай отыр. Әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №129 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларында  (бұдан әрі қағида) коронавируспен күреске  тартылғандар инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда полимеразалық тізбек реакциясы (ПЦР) талдауы теріс нәтиже көрсетсе, пневмониямен ауруды немесе одан қайтыс болған жағдайларды коронавирусқа  жатқызбағандықтан, олар біржолғы әлеуметтік төлемді алу құқығынан айрылады.  Бұдан басқа, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған бірқатар қызметкерлер яғни  хирургия, гинекология және зертханалық-диагностикалық бөлімдерінің, радиологиялық және патологоанатомиялық қызметтерінің, УДЗ мамандары, психологтар, жедел медициналық көмек бригадаларымен тұрақты қатынаста болатын жұмыскерлер (диспетчерлер, механиктер және басқалары)  әлеуметтік төлемдермен қамтылмай отыр.

"Соңғы айлар бойы медициналық қызметкерлер үстеме түрде, түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері жұмыс істеуге мәжбүр болуда. Алайда, іс жүзінде жұмыс берушілер  үстеме жұмыстар үшін төленетін қосымша ақының мөлшерін шектеп отыр. «Аталған шектеулер (Еңбек кодексінің 78 бабы 3 тармағына сәйкес) пандемия жағдайында қолданылмауы тиіс", - делінген ҚРКФ-ның Үкімет басшысының атына жолданған хатта.

Сонымен қатар, пандемиямен күреске әскери клиникалық госпитальдер мен олардың қызметкерлері тартылды. Алайда, жоғарыда аталған қағидада  үстемеақы беруде ескерілмеген, және коронавирусты жұқтыру қаупі төніп тұрғанына қарамастан, осы уақытта дейін қосымша төлемдерді алу құқығынан айрылып отыр.

"ҚР Қаржы министрлігінің Қарулы Күштердің медициналық қызметкерлері лайықты ақшалай нәпақамен қамтамасыз етілгендіктен, тұрғын үй төлемдерін алатындықтан және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңында қарастырылған барлық жеңілдіктермен пайдаланатындықтан, оларға үстемақы төлеу орынсыз деген ұстанымы ешқандай сын көтермейді. Бұған қоса, тиісті үстемақыны алу құқығынан айрылған әскери медициналық мекемелердің медициналық жұмыскерлерінің қатарында әскери қызметшілерге жатпайтын азаматтық қызметкерлер де бар",- делінген  ҚРКФ хатында.

ҚРКФ COVID-19 пандемиясымен күреске тартылған медицина қызметкерлерінің үлесін әділ бағалау мақсатында оларды мемлекет тарапынан қолдаудың (қорғаудың) тұрақты түрде қолданылатын қосымша шараларын заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынып отыр.

 

 

 

«