Экология • 29 Шілде, 2020

Елорда іргесінде Талдыкөл табиғи саябағы ашылады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше жыл бойы жұрт "жағымсыз иіс шығады" деп жиі шағымданып келген Талдыкөл келешекте табиғи саябаққа айналады, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Елорда іргесінде Талдыкөл табиғи саябағы ашылады

Аталған демалыс аумағының құрылысы қысқа мерзімде аяқталады деп жоспарланған. Оған жұмсалатьын қаражат көлемі әлі есептеліп жатыр.

Талдыкөлден табиғи саябақ жасау табан астында туындаған идея емес. Бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Мұнда тазартылған кәріз суы да құйылмайды қазір. Енді тұрғындар үшін демалыс орнын жасау жоспарда бар.

Талдыкөл табиғи паркінің жобасы бекітілген. Бюджеті туралы әзірге ақпарат жоқ. Жергілікті қазынадан немесе жекеменшік қаржы көздері арқылы қарастырылады. Табиғи саябақты алдағы үш жылда қолданысқа беру жоспарланған.