Оқиға • 30 Шілде, 2020

Аташта жаңа жағажай ашылды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баутин ауылына қарасты Аташ елді мекенінде жаңа жағажай қолдануға берілді.

Аташта жаңа жағажай ашылды

Халықтық серуенге арналған қоғамдық орын жергілікті әкім­дік­тің мұрындық болуымен, кәсіп­керлердің қолдауымен ашылды. Кәсіпкер, қоғам белсендісі Бекболат Қайыптың айтуынша, тұрғындардың суға түсіп, демалуына арналған орында күннен қорғайтын 16 шатыр, 8 орындық, 4 киім ауыстыратын орын және 3 әткеншек орнатылды.

– Бұдан бөлек тағы 6 әткеншек балалар игілігіне берілмек. Жаңа жағажайға таза құм төгілді. Сондай-ақ қоқыс жәшігі, турник, көлік тұрағы, волейбол, футбол алаңдары бар. Әкімдік алдағы уақытта жаға­жайды көгалдандырып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салуды жоспарлап отыр, – деді кәсіпкер.

 

Маңғыстау облысы