Павлодар қаласы ТКШ бөлімінің бас маманы Бағдат Жанғұлованың айтуынша, бүгінгі таңда 60-қа жуық аула аумағында балалар алаңдары орнатылуда.
- Бүгінгі күні тоғыз аулада тартан жабыны бар балалар алаңдары жасалды, - дейді Бағдат Жанғұлова. - Қалған қырық учаскеде алаңды дайындау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар тарапынан алаң дайындалғанымен, жұмыстың аяқталмағаны жайлы көптеген пікірлер айтылып жатыр. Бұл ретте, тұрғындар балалар алаңын орнатпас бұрын осы учаскенің коммуналдық қызметтерімен келісім бойынша жұмыс жүргізілетініне назар аударғандары жөн. Егер желілер бар болса, онда сәйкесінше ойын алаңы ол жерде орнатылмайды. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар алаңы қауіпсіз жерге орнатылады. Бұл үшін белгілі бір уақыт қажет екенін ескеру қажет.