Қазақстан • 30 Шілде, 2020

Қазақстанда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар қымбаттады

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде шамамен 10 пайызға қымбаттады. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтау және Атырау қалаларында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар қымбаттады

Маусым айында зергерлік және оған ұқсас бұйымдар өндірісі 62,6 млн теңгені құрады.

Ал мамыр айында көрсеткіш бұдан да төмен болып, 55,5 млн теңгені құрады.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылдың маусымында өндірістің нақты өсімі 3,3% болды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда зергерлерлік бұйымдар өндірісінің көлемі 434,7 млн теңгені құраған еді (нақты өсім бір жылда 32,1%). Өткен жылы жалпы өндіріс көлемі 742 млн теңгеден асса, 2015 жылы 314,1 млн теңге болатын.

2020 жылдың маусым айында еліміздің ірі қалалары мен мегаполистеріндегі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың орташа бағасы бір грамм үшін 18,3 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы бағаға қарағанда 9,5%-ға көп. Сары металдан жасалған ең қымбат зергерлік бұйымдар Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атырау қалаларында болып отыр.