Әлем • 30 Шілде, 2020

COVID-19: Тәж-Махал жабық тұр

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір тәулікте 52 мың адам вирус жұқтырған Үндістан жұртында ауырғандар саны 1 583 792-ге жеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz

COVID-19: Тәж-Махал жабық тұр

Халқы өте тығыз орналасқан Үндістан түбегіндегі індет баяулар емес. Пандемия басталғаннан бері 1 020 582 жазылып шыққанымен, тек бір күннің ішінде 775 адам COVID-19 кесірінен көз жұмған.

Көне өркениет ошағының бірі, үнді мәдениетін бағалайтындар үшін Ұлы моғолдардан қалған жауһар–Тәж-Махалдың алар орны ерекше. Ал Агра қаласының билігі елде індеттің өршуіне байланысты осы ғажайып сәулет ескерткішін жабуға шешім шығарған.

 

Соңғы жаңалықтар